ПОДЕЛИТЬСЯ
02 тамыз 2019 | 09:14
Альварес чемпиондық титулынан айырылды. Оны Головкин жеңіп алуы мүмкін
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) мексикалық Сауль Альварестен орта салмақтағы әлем чемпионы титулын тартып алды. Бұл туралы журналист Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) мексикалық Сауль Альварестен орта салмақтағы әлем чемпионы титулын тартып алды. Бұл туралы журналист Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Себебі Альварес міндетті үмкіткер украиналық Сергей Деревянченкомен келісе алмаған. Екі тарап кездесу жөнінде келіссөз жүргізген болатын.
Сондықтан "Канело" берілген мерзімнің аяқталуына байланысты титулынан айырылды - мексикалық боксшы келіссөзді бейсенбіге дейін аяқтауы керек болған. Коппинджердің ақпараты бойынша, боксшылардың командалары қаражат мәселесін келісе алмаған.
Енді IBF бос қалған титул үшін Деревянченко мен келесі үміткер, қазақстандық Геннадий Головкин арасында жекпе-жек өткізбек. Дереккөздердің мәліметі бойынша, тараптар келіссөзді жақсы өткізіп жатыр.
Айта кетейік, Головкин IBF титулынан 2018 жылы осыған ұқсас жағдайда айырылған еді - ол да Деревянченкомен жұдырықтасудан бас тартқан. 2018 жылы қазанда украиналық боксшы бос тұрған титулды америкалық Дэниэл Джейкобспен сарапқа салып, төрешілер шешімімен жеңілген.
Ал биыл мамырда IBF титулының иегері өзгерді - Джейкобс Альварестен жеңіліп қалған. Ал Деревянченко Джек Кулькайға қарсы іріктеу жекпе-жегін өткізіп, тағы да міндетті үміткер атанған болатын.
Показать комментарии
Читайте также