ПОДЕЛИТЬСЯ
15 желтоқсан 2020 | 08:59
Альварес Головкинмен үшінші кездесуі туралы айтты
Сауль Альварес 2021 жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет кездесуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы Forbes-тың бокс туралы жазатын тілшісі Джош Кацовиц Twitter желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сауль Альварес 2021 жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет кездесуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы Forbes-тың бокс туралы жазатын тілшісі Джош Кацовиц Twitter желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Жаңа ғана Канело Альвареспен телефон арқылы сөйлестім. Қазір ол Каллум Смитпен жекпе-жегін ойлап жүр. Бірақ 2021 жылы Головкинмен рингке шығуын да жоққа шығармады. "Келесі жылы қандай жағдай болмасын, мен оған дайынмын. Бірақ қазір бар назарым басқа жақта" деді. Канело жұма күні GGG жекпе-жегін қарайтынын айтты", - деп жазды журналист.
Just got off the phone w/Canelo Alvarez. He's obvs highly focused on Callum Smith at the moment, but he didn't rule out a Golovkin fight in 2021. "Whatever comes next year, I’m open to it. But that’s not my focus right now." Canelo did say he'd be watching GGG's fight on Friday
— Josh Katzowitz (@joshkatzowitz) December 14, 2020
6 желтоқсанда мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 KO) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жақын арада кездесуді жоспарламағанын айтқан болатын.
Бұған дейін Головкин мен Альварес екі рет кездескен болатын. 2017 жылдың қыркүйегінде жекпе-жек тең аяқталды, ал жыл бұрын төрешілер жеңісті "Канелоға" берді.
Еске салайық, 18 желтоқсанда Головкин жартылай салмақта IBF титулын қорғау үшін польшалық Камил Шерематамен жекпе-жек өткізеді. Ал Альварес WBA чемпионы Каллум Смитпен кездеседі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также