28 желтоқсан 2016 13:31

Альварес көп ақша тапты, бірақ ол Головкиннен қашамын деп жұлдызы сөнді - Forbes

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Сауль "Канело" Альварес Сауль "Канело" Альварес

Forbes журналы Сауль "Канело" Альварестың (48-1-1, 34 КО) Геннадий Головкиннен қашып жүргеніне байланысты өзінің абыройына нұқсан келтірген деп жазды. 


Forbes журналы Сауль "Канело" Альварестың (48-1-1, 34 КО) Геннадий Головкиннен қашып жүргеніне байланысты өзінің абыройына нұқсан келтірген деп жазды. 

Соған қарамастан Альварес боксшылардың арасында Forbes құрастырған MVP 2016 тізімінде Головкинді басып озған, ол бокстың дамуына үлес қосқан және ол Саульдің қалтасын қампайтқан.

"Альварес көп ақша тапты, бірақ ол Головкиннен қашамын деп жұлдызы сөнді. Оның 2015 жылы Мигель Коттомен кездесуі PPV-сатылымдарында 900 мыңға түсіп кетті, ал Амир Ханмен болған кездесуі 600 мыңға, ал Лиам Смитпен кездесуі 300 мыңға түсіп кеткен. Альварес өз абыройын қалпына келтіру үшін біраз тер төгуі тиіс", - деп жазады басылым. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес 2016 жылы кездесуі мүмкін еді, бірақ мексикалық боксшы өз титулын жұдырықтаспай-ақ қазақстандық боксшыға бере салды. Соған қарамастан екі жақтың 2017 жылы кездесу ұйымдастыру туралы ауызша сөз байламы бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети