Альварес сүйіктісінің бұрынғы күйеуі туралы сұрақтан кейін сұхбатты үзіп тастады

Мексикалы? боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) с?йіктісіні? б?рын?ы к?йеуі туралы с?ра?тан кейін с?хбатты ?зіп тастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) сүйіктісінің бұрынғы күйеуі туралы сұрақтан кейін сұхбатты үзіп тастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жағдай Лос-Анджелесте қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) өткен баспасөз турында болған. Журналистердің бірі  "Канелоға" "Жекпе-жек алдында Мексика әнұранын актер әрі әнші Марк Энтони орындаса қалай қарайсың?" деген сұрақ қойған.

Айта кетейік, 41 жастағы Марк Энтони 2016 жылдың желтоқсан айына дейін Венесуэла моделі Шеннон де Лимеге үйленген болатын. Ал қазіргі уақытта модель Альвареспен кездесіп жүр.

Реклама
Реклама

"Ол пуэрторикалық. Мексикадан емес. Осы жайлы ойлап көрерсіздер", - деді де сұхбатты үзіп тастады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама