"Альвареспен реванш өтетіні туралы ресми мәлімет жоқ" - GGG командасы

"Альвареспен реванш өтетіні туралы ресми мәлімет жоқ" - GGG командасы © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің командасының өкілі Жанар Өтешова мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр деген қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің командасының өкілі Жанар Өтешова мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр деген қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мынаны анықтап алу керек: бүгінде ресми мәлімдеме жоқ. Мен олардың (Альварес командасы - авт. түсіндірмесі) үшінші жекпе-жек туралы айтқаны не жазғанына сенбеймін. Олардың екі жекпе-жек алдында айтқан бос сөздеріне үйренетін кез келді?!", - деді Өтешова Instagram желісіндегі парақшасында. 

Оның айтуынша, мексикалық боксшының командасы Головкинді масқара етуді мақсат еткен. 

Реклама
Реклама

"Қысқа ғана жауап қайтарар болсақ: Мен үшінші жекпе-жек туралы не айтып не жазса да сенбес едім. Себебі оның барлығынын сол тарап жазып шығарып жүр", - деді ол. 

Айта кетейік, Головкин - Альварес арасындағы екі кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. 2017 жылы өткен жекпе-жек тең аяқталды, ал 12 айдан соң кездесуде төрешілердің көпшілігінің шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Осылайша Головкин барлық белбеуінен айырылып қалған еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама