Альварестің бапкері Головкинді жеңу жолын айтты

myKhel

Мексикалы? Сауль "Канело" Альваресті? бапкері Хосе Рейносо ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинді же?уді? жолын айтты, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің бапкері Хосе Рейносо қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жеңудің жолын айтты, - деп хабарлайды vRINGe.com.

"Головкин дәл солай өнер көрсетеді, ол өзгерістер енгізбейді. Соған қарамастан біз барлық жағдайды ескеріп, дайындаламыз. Головкинді жеңудің жолы - "Канелоның" физикалық тұрғыдан басымдылыққа ие болуы, ол дайын болады. 

Қыркүйекте төрешілердің шығарған шешімі ешкімге де ұнаған жоқ - көрермен де, боксшылардың командаларына да. Осы жағдай ыңғайсыздық туғызды. Әрбір фанат өзі жанкүйерлік ететін боксшысының жеңетінін алға тартады. Сол себепті де көп созбай екінші жекпе-жек өткізу ұйымдастырғалы жатыр. Барлығы да бақытты", - деді Рейносо ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында. 

Реклама
Реклама

Рематч 5 мамырға белгіленген, алайда қай жерде болатыны белгісіз. Жекпе-жек Лас-Вегас немесе Нью-Йорк қаласында өтуі мүмкін.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес бірінші рет 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста кездескен еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама