Альварестің промоутері Головкиннің Мартиросянмен жекпе-жегі үшін алған гонорарының көлеміне күлді

Оскар Де Ла Хойя. © ToFight.Ru

Сауль "Канело" Альваресті? промоутері Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкинні? Ванес Мартиросянмен жекпе-жегі ?шін ал?ан гонорарыны? к?леміне к?лді, деп хабарлады Vesti.kz.

Сауль "Канело" Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкиннің Ванес Мартиросянмен жекпе-жегі үшін алған гонорарының көлеміне күлді, деп хабарлады Vesti.kz.

"Головкин 3 миллион тауып жүргенде, "Канело" сенсіз-ақ 40 миллион тауып жатыр", - деп жазды Оскар Де Ла Хойя твиттерде. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, мексикалық промоутер Сауль "Канело" Альварестің қыркүйекте рингке оралатынын айтты. Сол кезде Головкин екеуінің реваншы өтуі мүмкін.

Айта кетейік, олардың бірінші жекпе-жегінде кімнің мықты екені анықталған жоқ еді, екеуі тең түсті. Реванш 5 мамырда өтуі тиіс болатын, алайда биыл ақпанда Альварес екі рет допинг-тесттен өте алмай қалды. Бірақ ол күні Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 KO) жекпе-жек өткізіп, екінші раундта нокаутқа түсірді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама