ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қараша 2018 | 09:25
Альварестің допингі тағы бір спортшыдан табылды: Ол 4 жылға шеттетілді
4х400 метрге жүгіруден эстафетада 2014 жылғы Еуропа чемпионы британ желаяғы Найджед Левайн антидопинг ережелерін бұзғаны үшін төрт жылға шеттетілді. Бұл туралы Ұлыбританияның Антидопинг агенттігінің (UKAD) ресми сайтында жарияланды.

Өткен жылдың желтоқсанында спортшының қан құрамында WADA тыйым салған кленбутерол табылғаны, ал ақпанда жарыстардан уақытша шеттетілгені хабарланған еді. 29 жастағы атлет допинг-сынамада тыйым салынған заттардың немесе олардың метаболиттері немесе маркерлері анықталғаны үшін жазаланған.
Енді Левайн жарысқа 2021 жылдың 12 желтоқсанында шыға алады.
Айта кетейік, биылғы ақпанда Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) те дәл осы кленбутеролмен ұсталған еді. Мексикалықтың командасы тыйым салынған заттың ағзаға уланған еттен түсті деп ақталды. Қорытындысында "Канело" жарты жылға шеттетіліп, 5 мамырға қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) реваншынан бас тартқан болатын.
Показать комментарии
Читайте также