Амир Хан Головкин - "Канело" жекпе-жегінде кімнің жеңіске жететінін айтты

Амир Хан және "Канело" © Wrestlingua.com

Ал?аш?ы орта салма?та?ы экс-чемпион ?лыбританиялы? боксшы Амир Хан ?зіні? б?рын?ы ?арсыласы Сауль "Канело" Альварес пен ?аза?станды? Геннадий Головкин арасында?ы ?арымта кездесу туралы пікірін айтты. 

Алғашқы орта салмақтағы экс-чемпион ұлыбританиялық боксшы Амир Хан өзінің бұрынғы қарсыласы Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы қарымта кездесу туралы пікірін айтты. 

5 мамырда Головкин мен Альварес алғашқы жекпе-жегін өткізген Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасады. 

"Бұл тамаша қарымта кездесу болады. Алғашқы жекпе-жектері де жақсы өтті. Бұл жолғы жұдырықтасу одан да күштірек болмақ деген ойдамын. Бокс үшін жақсы кеш болғалы тұр, өйткені жанкүйерлер осындай жекпе-жектерді тамашалығысы келеді. Жанкүйерлерге осындай жұдырықтасулар көрсету қажет. Осы жолы "Канело" жеңеді деп ойлаймын", - дейді Амир Хан Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында. 

Реклама
Реклама

Алайда үш салмақ дәрежесінде чемпион болған америкалық Шейн Мозли бұл кездесу жеңімпазы туралы пікірі басқа. Оның айтуынша, алғашқы жекпе-жекте Головкин жеңген және бұл жолы да сол жетістігін қайталайды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама