Арман Рысбек америкалық боксшыны бірінші раундта нокаутқа түсірді

© ВКонтакте/"Мир бокса kz"

?аза?станды? боксшы Арман Рысбек к?сіп?ой рингтегі ал?аш?ы жекпе-жегін ?ткізді. Оны? ?арсыласы америкалы? Джон Морхаус болды, деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы Арман Рысбек кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы америкалық Джон Морхаус болды, деп хабарлады Vesti.kz.

Жекпе-жекте Рысбек қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Порталдың хабарлауынша, Арман Рысбек кәсіпқой деңгейде алғашқы жекпе-жегін бұдан бұрынырақ уақытта өткізуі тиіс болған. Ол 1 желтоқсанда америкалық Дональд Джексонмен кездесуі тиіс еді, алайда қарсыласының жарақатына байланысты кездесу өтпеді. 27 қаңтарда америкалық боксшы Хаким Аткинсонмен жұдырықтасуы керек болған, алайда ол қомақты гонорарын алып алып, жекпе-жек өтетін орынға келмей қойды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Рысбек "Астана Арланс" командасында болды және оның құрамында жүріп, өткен жылы WSB жеңімпазы атанды. Оның қоржынында жеті жекпе-жек бар, оның бесеуінде жеңіске жеткен.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама