ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қазан 2018 | 12:42
Аса ауыр салмақтағы чемпиондар сахнада төбелесе жаздады
Аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (27-0, 19 КО) мен WBC белбеуінің иегері америкалық Деонтей Уайлдердің (40-0, 39 КО) жекпе-жек алдындағы алғашқы баспасөз мәслихаты төбелеспен аяқтала жаздады, - деп хабарлайды XSport.ua.

Лондонда өткен баспасөз мәслихатында Фьюри қарсыласының рекордын есіне алып, дәл сол орында спаррингке шығуды ұсынды.
"Соққыңның күші туралы айтып берші! 40 жекпе-жектегі 39 нокаут! Мұны көргім келеді, қанекей, спарринг өткізейік. Аздап қытықтасайық! Алабамалық күшіңді көрсетші", - деді Фьюри.
Осыдан кейін боксшылар сахнада жанжалдасып қалды, алайда төбелеске дейін бармады. Осыдан кейін Фьюри кеудесінен итерген Уайлдерді әйелі күштірек нұқитын еді деп мазақ етті.
Уайлдер - Фьюри жекпе-жегі 1 желтиоқсан Лос-Анджелесте өтеді. Алдағы жекпе-жекке ұлыбританиялық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО), Али Ахмедов (12-0, 9 КО) және Руслан Мәдиев (12-1, 5 КО) сынды қазақстандықтардың бапкері Абель Санчестің залында жаттығады.
Показать комментарии
Читайте также