"Астана арландары" боксшылары "Ресей патриоттарынан" басым түсті

© "Астана Арланс"

Ресейді? Кемеров ?аласында ?ткен б?кіл?лемдік бокс сериясында?ы (WSB) "Ресей патриоттары" мен "Астана арландары" арасында?ы ширек финалды? бірінші жекпе-жегі ?аза?стан ??рамасыны? пайдасына шешілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресейдің Кемеров қаласында өткен бүкіләлемдік бокс сериясындағы (WSB) "Ресей патриоттары" мен "Астана арландары" арасындағы ширек финалдың бірінші жекпе-жегі Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шешуші кездесуде 75 келі салмаққа дейін өнер көрсеткен Сапарбай Айдаров ресейлік қарсыласы Андрей Ковальчукты 3:0 (48:47, 48:47, 48:47) есебімен жеңіп, жалпы есепте "Астана Арланс" командасының пайдасына 3:1 есебімен жеңіс алып келді. 

56 келі салмаққа дейін өнер көрсететін Ілияс Сүлейменов Максим Чернышевті айқын басымдылықпен 3:0 (49:49:46, 48:47, 48:47) есебімен жеңді, ал 64 келі салмаққа дейінгі кездесуде Ділмұрат Мижитов Алексей Мазурды 2:1 (48:47, 47:48, 48:47) есебімен ұтты. Ал 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Теміртас Жүсіпов ресейлік Батор Сагалуевтен айласын асыра алмады. Есеп - 0:3 (47:48, 47:48, 46:49). 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын отандасымыз Антон Пинчук Илья Квасниковтан бірінші раундта нокдаунға түсіп қалды, ал екінші раундта төреші кездесуді тоқтатып, отандасымызға техникалық жеңіліс берді. 

Реклама
Реклама

Қарымта кездесу Қарағанды қаласында 20 мамырда өтеді. 

Жекпе-жектер Астана уақытымен 18:00-де басталады. Vesti.kz порталында бұл кездесуді Роман Кушпелев пен Уәлихан Қосанбай жүргізді. Трансляция қазақ және орыс тілдерінде болды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама