"Астана арландары" мен "Қытай айдаһарлары" кездесуінде жұдырықтасатын боксшылар белгілі болды

"Астана арландары" мен "Қытай айдаһарлары" кездесуінде жұдырықтасатын боксшылар белгілі болды © vk.com/astana_arlans

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) кездесетін "Астана арландары" мен "Қытай айдаһарлары" арасындағы бокс кешінде жұдырықтастан боксшылардың тізімі белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

"Астана арландары" мен "Қытай айдаһарлары" арасындағы кездесу 4 наурызда Атырау қаласында өтеді. Жекпе-жектер Астана уақытымен 18:00-де басталады.

49 келі: Теміртас Жүсіпов - Дзюньдзюнь Хэ
56 келі: Ілияс Сүлейменов - Лун Ван
64 келі: Ділмұрат Мижитов - Ян Лю
75 келі: Сапарбай Айдаров - Минган Жао
91 келі: Антон Пинчук - Сергей Новиков.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, Қытай командасына қарсы шығатын "Астана арландары" биылғы жобадағы үшінші кездесуін өткізбек. Бұған дейін елордалық клуб "Өзбек жолбарыстары" мен "Ресей патриоттары" командаларымен кездесіп, жеңіске жеткен еді.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама