"Астана Арланс" "Аргентина Кондорларын" 4:1 есебімен жеңді

©kfb.kz

Қазақстандық "Астана Арланс" командасы Әлемдік бокс сериясында (WSB) "Аргентина Кондорларын" 4:1 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Аргентиналықтардың ішінде Кристиан Заратені қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 75 келі салмақ дәрежесінде мерзімінен бұрын жеңіп кетті. Барлық төрешілер кездесу соңында қазақстандық боксшыға дауыс берді (49:45, 49:45, 48:46). Осылайша, кездесу 4:1 есебімен қазақстандық команданың жеңісімен аяқталды. "Астана Арланс" пен "Аргентина Кондорлары" арасындағы басқа кездесулерді мына жерден оқи аласыздар.    

Осылайша Қазақстандық "Астана Арланс" клубы Әлемдік бокс сериясында (WSB) 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін "Рафако гусарлары", "Италия тандер", "Аргентина қырандары", "Пуэрто-Рико дауылдары", "Баку оттары", "Поляк гусарлары", "Америка нокаутшылары" және "Венесуэла билеушілері" командаларының тізесі бүгілген болатын.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама