"Астана Арланс" клубы "Чайна Драгонс" боксшыларын тізе бүктірді

"Астана Арланс" клубы "Чайна Драгонс" боксшыларын тізе бүктірді

?аза?станды? "Астана Арланс" клубы Д?ниеж?зілік бокс сериясыны? жа?а маусымында "Чайна Драгонс" командасын же?ді - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық "Астана Арланс" клубы Дүниежүзілік бокс сериясының жаңа маусымында "Чайна Драгонс" командасын жеңді - деп хабарлайды Vesti.kz.

Атырауда өткен кездесу 5:0 есебімен аяқталды. 

Бірінші жекпе-жекте 49 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов пен Джунджун Хе жұдырықтасты. Бес раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы басым болды.

Жарнама
Жарнама

Екінші жекпе-жекте Ілияс Сүлейменов (56 келіге дейін) Лонг Вангты тізе бүктіріп, есепте еселей түсті.

Үшінші жекпе-жекте 64 келіге дейінгі категорияда Ділмұрат Мәжитов Лю Янды төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңді. Осылайша, қазақстандық команда жеңіске жетті. Айта кетейік, төртінші раундта Мәжитов қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірген, алайда қытайлық спортшы жекпе-жекті жалғастырды.

Төртінші текетіресте Сапарбай Айдаров пен Минганг Жао кездесті (75 келіге дейін). Қазақстандық басым түсті - 3:0. 

Ал соңғы жекпе-жекте Антон Пинчук пен Сергей Новико кездесті. Бұл жұдырықтасуда да "Астана Арланс" мүшесі 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама