Астаналықтар Геннадий Головкинге өлең арнады

Астаналы?тар ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин мексикалы? Сауль Альварестен же?ілгеннен кейін ?олдау білдіру ма?сатында ?ле? арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астаналықтар қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестен жеңілгеннен кейін қолдау білдіру мақсатында өлең арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл жобаға жеті жігіт қатысқан. Олар өлеңді видеоға түсіріп, YouTube желісінде жариялады. "GGG жекпе-жектерін бұрыннан тамашалап келемін. Оны спортшы және адам ретінде қатты құрметтеймін. Соңғы жекпе-жектің нәтижесіне көңіл күйім қатты түсті. Мен оған қолдау білдіргім келді, бірақ қалай істерімді білмедім. Бір досым маған өлең шығаруды, сосын оны видеоға түсіруді ұсынды. Барлығын өз күшімізбен жасадық - досым режиссер оқуын оқыған, түсіруге көмектесті. Қалған жігіт өлеңді оқып шықты", - дейді жоба авторы Саид Сапин. 

Реклама
Реклама

Жоба мүшелері Геннадий Головкинге осы қолдау құлағына жетеді және видеоны көреді деп үміттенеді. 

Айта кетейік, 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында жекпе-жек өтіп, төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Ал Головкин үшін бұл алғашқы жеңіліс болды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама