ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қазан 2016 | 16:31
Айтыскер ақын Қанат Исламға жекпе-жегінің алдында батасын берді
Қазақ жұрты бүгінгі бокс кешінің басты қаһарманы Қанат Исламға қолдау білдіріп, жеңіс тілеп жатыр. Солардың бірі айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы боксшыға батасын беріп, Facebook желісінде Қанат Исламмен түскен суреттерін жариялаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Дәулеткерей Кәпұлы өзінің жазбасында мынадай өлең жолдарын қалдырған:
Жортқанда жолың болсын, батыр Қанат,
Қылығыңды көрмедік жатырға жат.
Батыр Оспан бабаңның атағыңдай,
Сүйіншілеп айтса екен атыңды алап!
Бүлкілін бөлек басқан бөрі арланы,
Бұл күнде бола білдің ел ардағы.
Бармағы шайнауда өткен боздақтардың Атажұртта жалғанған сен - арманы!
Жолымен боздақтардың өрістеп көр,
Олжаңды қан майданда бөліс, бөктер.
Бабалардың нақ кегін есіңе алсаң,
Қаралардың тұмсығын тегістеп бер!
Осыған дейін, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қанат Исламға және осы бокс кешінде бақ сынайтын басқа да боксшыларға сәттілік тілеген болатын.
Показать комментарии
Читайте также