Азия чемпионаты финалында қазақстандық боксшы өзбекстандықты жеңді

Азия чемпионаты финалында қазақстандық боксшы өзбекстандықты жеңді Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының алтын медалін иеленді, - деп хабарлайды Tengri Sport.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының алтын медалін иеленді, - деп хабарлайды Tengri Sport.

2024 жылғы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жегінде Сабыржан Аққалықов өзбекстандық боксшы Жавохир Абдурахимовпен кездесті.

Жекпе-жек барысы

Реклама
Реклама

Бірінші раунд орта қашықтықта өтті. Боксшылар қолайлы қарқын іздеп, қарсыластың қателесуін күтті. Раунд соңына қарай қазақстандық бірнеше дәл соққы жұмсап, жақын қашықтықта жұмыс істеді. Нәтижесінде төрешілер бірінші раундта 4:1 есебімен жеңісті Аққалықовқа берді.

Екінші кезеңді қазақстандық боксшы белсенді бола бастады. Ол соққы жасай отырып қашықтықты жиі қысқартып, қарсыластың шабуылдарынан қорғана білді. Раунд ортасына таман Аққалықов джеб арқылы қашықтықты бақылауда ұстап, ұзақ соққылар сериясын белсенді түрде өткізе бастады. Соңғы 30 секундта өзбек боксшысы қарымта қайтарудың жолын тапқанымен, оның әрекеті жеткіліксіз болып, төрешілер бұл раундта да жеңісті 5:0 есебімен қазақстандыққа берді.

Үшінші раундта Аққалықовтың басымдығы айқын байқалды. Абдурахимов қазақстандықты клинчке алып, сол жерден соққы жасау арқылы ұпай жинауға тырысты, алайда рефери бұл әрекеттерді тоқтатып, боксшыларды ортаға қайтарды. Аққалықов өз таймингін тауып, қарсыластың соққыларынан қорғана жүріп, жылдам шабуылдар жасады.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Сабыржан Аққалықов 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, Азия чемпионатының жартылай финалында қазақстандық Сабыржан Аққалықов моңғолиялық боксшы Далай Ганзоригті жеңген болатын. Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, отандасымызға жеңіс сыйлады.

Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионатының финалында жеңіске жеткен еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама