22 сәуір 2019 | 09:23

Азия чемпионатында Қазақстанның тоғыз боксшысы ширек финалға өтті

Данияр Майлыбаевтың фотосы©

22 сәуірде бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалындағы жекпе-жектер басталады. Ширек финалдағы боксшылар саны бойынша Қазақстан Өзбекстаннан қалып тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

22 сәуірде бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалындағы жекпе-жектер басталады. Ширек финалдағы боксшылар саны бойынша Қазақстан Өзбекстаннан қалып тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz

1/8 финалда Қазақстанның бір боксшысы ұтылып қалды: Әнуар Мұзаппаров (52 келіге дейін) өз кездесуінде қарсыласына жол берген болатын.

Реклама
Реклама

Осылайша, ширек финалда Қазақстанның намысын тоғыз боксшы қорғайды: Теміртас Жүсіпов (49), Қайрат Ералиев (56), Зәкір Сафиуллин (60), Санатәлі Төлтаев (64), Асланбек Шымбергенов (69), Тұрсынбай Құлахмет (75), Бек Нұрмағанбет (81), Василий Левит (91) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91).

Ал Өзбекстаннан келген он боксшының бәрі де ширек финалда өнер көрсетеді: Нодиржон Мизахмедов (49), Хасанбой Дусматов (52), Миразиз Мирзахалилов (56), Шукуржон Рахимов (60), Шункор Абдурасулов (64), Бобо-Усмон Батуров (69), Исраил Мадримов (75), Дилшодбек Рузметов (81), Санжар Турсунов (91) және Баходир Жалолов (+91).

Ширек финалда Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасында үш жекпе-жек өтеді. Бек Нұрмағанбет 81 келіге дейінгі салмақта Дилшодбек Рузметовпен жұдырықтасады. Ал 75 келіде өнер көрсететін Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой рингте екі кездесу өткізіп үлгерген Исраил Мадримовпен күш сынасады. Асланбек Шымбергенов болса, 69 келіге дейінгі салмақта Бобо-Усмон Батуровпен кездеседі.  


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная