БАҚ Головкин-"Канело" жекпе-жегінде қазақстандық боксшы үшін басты қауіпті атады

?аза?станды? Геннадий Головкин мексикалы? Сауль "Канело" Альвареспен ?тетін жекпе-жекте барлы?ын 12-ші раунд?а дейін шешіп тастауы керек. ?йтпесе, ?аза?станды? боксшы же?істен ж?не барлы? белбеуінен айырылуы м?мкін. Сондай-а?, ол орта салма?та?ы барлы? титулын біріктіре алмай ?алады, - деп жазады Vesti.kz порталы.

Қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін жекпе-жекте барлығын 12-ші раундқа дейін шешіп тастауы керек. Әйтпесе, қазақстандық боксшы жеңістен және барлық белбеуінен айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, ол орта салмақтағы барлық титулын біріктіре алмай қалады, - деп жазады Vesti.kz порталы.

Головкин - Альварес кездесуі екі боксшының мансап жолындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болатыны сөзсіз. Жеңіс те, жеңіліс те болуы мүмкін. Бұл жерде мәселе тек чемпиондық белбеулерде емес. Сонымен қатар, мұнда үлкен келісімшарт, абырой маңызды рөл атқарады. Әр команда бұл жауапкершілікті өзінше түсінеді.

"Көпшіліктің ойынша, мұнда барлығы үшін фаворит -  GGG. Қазақстандықтың басымдығы расында да көп. Мысалы, оның күші, аяғымен жұмыс істеуі. Әрине, екеуі де мықты соққы жасай алады. "Канело" да, Головкин да жойқын соққыларымен танымал. Бірақ дегенмен Головкиннің соққылары мықтырақ. Сондай-ақ, олар бір-бірі үшін өте қауіпті", - дейді басылымдағылар.

Реклама
Реклама

"Тәжірибе көрсетіп отырғандай, судьялар әдетте дауысты басқа адамға береді. Бұл бірінші кезекте өте жақын жекпе-жек өткізген боксшыларға қатысты. Судьялардың шешімдері кейде өте күмәнді болады", - дейді басылым.

Осындай "тәртіпсіздік" болған бірнеше жекпе-жекті айтып өтуге болады. Мысалы, Ковалев - Уорд кездесуі,  Пакьяо - Хорн, сондай-ақ, Н'Жикам - Мұрат жекпе-жегі. Осы кездесулерден соң судьяларға қатысты көптеген дау шыққан еді.

"Шешім қабылдайтын адамдар әділ шешім шығарады дегенге де сенудің қажеті жоқ. Сондықтан GGG нокаут арқылы жеңіске жетуі керек. Сол кезде ешқандай да сұрақтар мен күмән пайда болмайды", - дейді басылым.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама