29 қыркүйек 2018 | 13:28

"Барлығы ойдағыдай" - Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та өткізген жекпе-жегі жайлы

Жәнібек Әлімханұлы © Top Rank

Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы колумбиялық Карлос Галванды АҚШ-та өткен бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы колумбиялық Карлос Галванды АҚШ-та өткен бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі Калифорния штатының Окленд қаласындағы Oracle аренасындағы бокс кешінің андеркартында өтті. Жекпе-жек алты раундтан тұрды. Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша 60-54 ұпаймен Әлімханұлы жеңіске жетті. 

Реклама
Реклама
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Жәнібектен жекпе-жек туралы пікір #Жеңіс #құтты #болсын

Публикация от JANIBEK ALIMKHANULY (@janibek_alimkhanuly_team) 28 Сен 2018 в 5:33 PDT

 

25 жастағы Әлімханұлы үшін бұл үшінші жеңісі (бір рет нокаутпен), ал 16 рет жеңіске жеткен (15 нокаут) 27 жастағы Галван спорттық мансабында сегізінші рет жеңіліп, бір рет тең түскен. 

Айта кетейік, Әлімханұлы 2013 жылы әлем біріншілігін ұтып, 2016 жылы Олимпиада ойындарына қатысты. Кәсіпқой бокста ол 2016 жылдың қазан айынан бастап өнер көрсетіп келеді. Қазақстанда екі жекпе-жек өткізіп үлгерді.

Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 3 қарашада АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында өтеді. Оның қарсыласы 32 жастағы америкалық "Жыртқыш" лақап атымен танымал болған Вон Александермен (12-1, 8 КО) жұдырықтасатын болады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жеңіс құтты болсын, қазақ елі!

Публикация от JANIBEK ALIMKHANULY (@janibek_alimkhanuly_team)

28 Сен 2018 в 5:29 PDT

 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная