11 мамыр 2022 10:33

"Бас тартты". Биволдың әкесі Головкин туралы қызық естелігін бөлісті

©Reuters

Жартылай ауыр салмақтағы WBA Super титулының иегері ресейлік Дмитрий Биволдың әкесі орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің жас күніндегі қызық естелігін бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жартылай ауыр салмақтағы WBA Super титулының иегері ресейлік Дмитрий Биволдың әкесі орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің жас күніндегі қызық естелігін бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сонымен қатар, ол Головкиннің "Канелоға" қарсы қолданған бокс стиліне таңғалған.

"Канело" туралы алғаш рет кіші Флойд Мейвезер және Геннадий Головкинмен шығып жүргенінде ести бастадым. Жалпы, мексикалықты небәрі 15 жасында кәсіпқой боксқа ауысып, көп жекпе-жек өткізгеніне таңғалдым. Кейін карьерасындағы алғашқы қарсыластарын қарап шыққан соң қандай екеніне көзім жетті. Шынымды айтсам, Головкин "Канелоға" қарсы не себепті ондай стильде жұдырықтасқанын білмеймін.

Мен Генаны бала күнінен танимын. Ол Тоқмақтағы жарысқа келген. Головкин жасөспірімдер арасында жұдырықтасса, Дима бокстағы алғашқы қадамдарын 1998 жылдары жасай бастаған еді. Бір қызық жағдай болды. Гена жекпе-жегінде дұрыс айқаса алмай, төрешілер жеңісті біздің балаға берген. Сол кезде ол көңілі түсіп кеткен еді. Біздің бапкер баланың бетін қақпау үшін Гена жеңіліп қалса да, медаль берген болатын. Алайда GGG медальдан бас тартты", - дейді Биволдың әкесі Матч-ТВ арнасына берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Дмитрий Бивол кейінгі кездесуін Сауль Альвареске қарсы өткізіп, жеңіске жеткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram