28 шілде 2020 16:34

Батыр Жүкембаев АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін өткізеді

Батыр Жүкембаев. Фото: Eye Of The Tiger Managment©

Қазақстандық Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды. Ол қыркүйектің соңында рингке оралады. Батыр АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін өткізеді деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Боксшының баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Жүкембаев тамыздың басында Мәскеуге оқу-жаттығу жиынына аттанады. 

Реклама
Реклама

"Қыркүйектің соңында АҚШ-та маңызды жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. Промоутерім осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Әзірше рингке кімге қарсы шығатыным белгісіз, бірақ қарсыласым жоғары деңгейден болады", - деді Жүкембаев. 

Еске салайық, Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегін биыл қаңтарда өткізіп, мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) жеңген еді. Қазақстандық боксшы жекпе-жегінің бәрін Канадада өткізген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram