Батыр Жүкембаев карьерасында алғаш рет жеңіліс тапты

Батыр Жүкембаев. Фото: Eye of the Tiger Management

Батыр Жүкембаев 29 жастағы пуэрториклық Сабриэль Матиаспен жекпе-жегінде жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz.

Батыр Жүкембаев 29 жастағы пуэрториклық Сабриэль Матиаспен жекпе-жегінде жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz.

Жекпе-жек Лос-Анджелесте өтті. Бұл қазақстандық боксшының АҚШ аумағындағы алғашқы жекпе-жегі. Бұрын ол барлық кездесуін Канадада өткізген.

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген. Төртінші раундта Матиас Жүкембаевты нокдаунға түсірді. Кейін сегізінші раундтан кейін қазақстандық боксшы бұрышы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Реклама
Реклама

Бұл - Жүкембаевтың карьерасындағы алғашқы жеңіліс. Бұрын ол барлық 18 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған. Оның 14-і мерзімінен бұрын.

Матиас осы уақытқа дейін 17 жекпе-жектің 16-сында жеңіске жеткен. Барлығында да мерзімінен бұрын. Ол 2019 жылы болған қайғылы оқиғадан кейін танымал болды. Онда жекпе-жектен кейін ресейлік боксшы Максим Дадашев комадан шықпай қайтыс болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама