Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті

Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтың қарсыласы "Жолбарыс" деген атпен танымал оңтүстік африкалық Ксолани Мкотели (19-7, 12 КО) болды. Олардың он раундқа есептелген жекпе-жегі Жукембаевтың алтыншы раундта техникалық нокаут жеңісімен аяқталды. Бұған дейін қазақстандық қарсыласын үш рет нокдаунға түсірген.

Осылайша, бұл - қазақстандықтың про-рингтегі 20-шы жеңісі. 16 рет Жүкембаев мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Кейінгі рет рингке былтыр желтоқсанда Монреальда (Канада) шығып, мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті 69 секундта нокаутқа түсірген болатын.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Холаниге қарсы жекпе-жек Жүкембаевтың Қазақстандағы мансабындағы алғашқысы болды. Бұған дейін Канада мен АҚШ-та жекпе-жек өткізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама