27 қыркүйек 2019 09:18

Батыр Жүкембаев WBA және IBF жүйесіндегі титулдарды жеңіп алды

Батыр Жүкембаев. © Eye of the Tiger Management

Бірінші жартылай орта салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Мигель Васкесті жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірінші жартылай орта салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Мигель Васкесті жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Жекпе-жек канадалық Монреальдағы бокс кешінде өтті. Боксшылар WBA Continental және IBF Inter-Continental титулдарын сарапқа салған. 

Реклама
Реклама

Жүкембаев - Васкес жекпе-жегі жоспарланған 10 раундқа созылды. Нәтижесінде Жүкембаев төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті: 100:90, 99:91, 99:91. 

28 жастағы Жүкембаев кәсіпқой рингте әлі жеңілген жоқ - 17 жекпе-жегінің 13-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал бұған дейін 41 жеңісі болған 32 жастағы Васкес тоғызыншы рет жеңіліп отыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram