Батыр Жүкембаев 16 желтоқсанда америкалық боксшымен жұдырықтасады

Батыр "777" Жүкембаев

?аза?станды? к?сіп?ой боксшы Батыр Ж?кембаев (10-0, 9KO) 16 желто?сан (Астана уа?ыты бойынша 17 желто?сан) к?ні Канаданы? Квебек ?аласында кезекті жекпе-жегін ?ткізеді. Отандасымыз америкалы? боксшы Уилберт Лопеспен ж?дыры?тасатын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (10-0, 9KO) 16 желтоқсан (Астана уақыты бойынша 17 желтоқсан) күні Канаданың Квебек қаласында кезекті жекпе-жегін өткізеді. Отандасымыз америкалық боксшы Уилберт Лопеспен жұдырықтасатын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Батыр ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс пен канадалық Давид Лемье арасында өтетін бокс кешінің андеркартында шаршы алаңға шығады. Бұл боксшылар орта салмақта WBO чемпиондық атағы үшін жұдырықтасады. Қазір бұл атақ ұлыбританиялық боксшының еншісінде. Бір айта кететіні, орта салмақта Геннадий Головинге абсолют чемпион атану үшін де осы белбеу жетіспей-ақ тұр.

Қазақстандық боксшының қарсыласы атанған Уилберт Лопес 1995 жылы дүниеге келген. 2013 жылдан бері кәсіпқой бокспен шұғылданып келеді. Бүгінге дейін 28 кездесу өткізіп, 20 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Оның 14-ін нокаутпен аяқтаған. Ал 8 жекпе-жегінде жеңілген.

Реклама
Реклама

Батыр Жүкембаев осыған дейін 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жегін 28 қазан күні мексикалық Хосе Эмилио Перейраға қарсы өткізіп, қарсыласын 1 раундта-ақ нокаутқа түсірген еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама