Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңгеннен кейін WBA рейтингіне енді

Фото: facebook.com/eottmboxing

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қарсыласын нокаутпен жеңген қазақстандық Батыр Жүкембаевты (18-0, 14 КО) кейін өз рейтингіне қосты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қарсыласын нокаутпен жеңген қазақстандық Батыр Жүкембаевты (18-0, 14 КО) кейін өз рейтингіне қосты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Жаңартылған рейтингіде бірінші жартылай орта салмақта сынға түсетін Жүкембаев 15-орында тұр. Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 26 қаңтарда Монреальде (Канада) өткізіп, Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутпен жеңген еді. 

Жүкембаев үшін бұл 18 жекпе-жектегі 18-ші жеңісі болатын. Батыр оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал бұған дейін 22 жеңісі болған Лара тоғызыншы рет жеңіліп отыр. 

Реклама
Реклама

Айта кетсек, екінші орта салмақта WBA International, WBC Asia Continental және WBO Global белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы WBA рейтингінде екінші орында қалды. 

Ал жартылай орта салмақта WBA Inter-Continental, IBF Pan Pacific және WBO Oriental титулдарының иегері Нұрсұлтан Жаңабаев өз дивизионында жетінші орында келеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама