Батыр Жүкембаевтың келесі қарсыласы анықталды

Батыр Жүкембаевтың келесі қарсыласы анықталды Фото: Eye of the Tiger Managemen

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Батырдың келесі қарсыласы мексикалық Луис Хесус Видалес (19-6, 6 КО) болады. Жекпе-жек 17 мамырда Канаданың Монреаль қаласында өтеді. Кездесу 10 раундқа жоспарланған. 

Айта кетейік, Жүкембаев өзінің соңғы жекпе-жегін 16 наурызда Монреальда өткізген болатын. Сол кездесуде мексикалық Хилберто Месаны төрешілер шешімімен жеңген еді. 

Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы бүгінге дейін 15 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін жеңіспен аяқтаған. 12 қарсыласын нокаутпен жеңген. 

Уалихан Қосанбай

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама