Бейбіт Шүменов келесі жекпе-жегінің уақытын айтты

© Yvision

Ал?аш?ы ауыр салма?та?ы WBA н?с?асы бойынша (Regular) белбеуіні? иегері ?аза?станды? Бейбіт Ш?менов ?зіні? келесі жекпе-жегіні? уа?ытын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алғашқы ауыр салмақтағы WBA нұсқасы бойынша (Regular) белбеуінің иегері қазақстандық Бейбіт Шүменов өзінің келесі жекпе-жегінің уақытын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шүменов рингке 11 ақпанда оралады, ал жекпе-жек Майамиде өтеді. Оның қарсыласы WBA нұсқасы бойынша "уақытша" чемпион кубалық Юниер Дортикос. Сонымен қатар, жекпе-жекті өткізу күні ретінде 4 ақпан, ал өтетін орны ретінде Лас-Вегас немесе Хьюстон қарастырылып отыр. 

Бұл жекпе-жек бойынша сауда қарашаның ортасында өттіп, гонорардың басым бөлігі Шуменовке тиесілі екені белгілі болды.

Реклама
Реклама

Мұның алдында Бейбіт Шүменов WBA (Super) белбеуінің иесі ресейлік Денис Лебедев мамыр айында 120 күн ішінде кездесеміз деп уәде бергенімен өзінен қашып жүргендіктен, Дортикоспен жекпе-жек өткізетінін мәлімдеген болатын. 3 желтоқсанда Лебедев өзінің жерлесі Мұрат Гассиевке ұтылып қалып, IBF белбеуінен айырылды. Өз кезегінде Дортикос қазақстандық боксшыны қағаз чемпион деп атап, "үлкен баланың дамбалын" киіп шық дегенсөзбен жекпе-жекке шақырған еді. Шүменов кубалықтың сазайын беруге уәде етті. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама