ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 ақпан 2016 13:23
Бекман Сойлыбаев титулға талас жекпе-жегінде жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев WBA-NABAUSA тұжырымы бойынша чемпион атанды, - деп хабарлайды Diamond Ring. Бұл туралы Vesti.kz жазды.
Сегіз раундқа созылған жекпе-жекте қазақ боксшысы мексикалық Мойзес Дельгадилломен жұдырықтасты. АҚШ-та өткен кездесуде Сойлыбаев қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңімпаз атанды. Ол осылайша екінші жартылай жеңіл салмақта Солтүстік Америка чемпионы болды.
Айта кетейік, жекпе-жектің қызықты өткені соншалық, көрермендер қазақ боксшыны қолдау мақсатында рингке ақша лақтырған. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу