"Белбеуіңді қоқыс жәшігіне таста". Сондерс Альваресті сынға алды

"Белбеуіңді қоқыс жәшігіне таста". Сондерс Альваресті сынға алды Билли Джо Сондерс. Фото: HBO

Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) мексикалық Сауль Альваресті (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегі үшін сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) мексикалық Сауль Альваресті (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегі үшін сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін Альварес 24 мамырда Жапонияда Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасады деген мәлімет шыққан. Бұл мәлімет кейін қауесет екені айтылған. 

Сондерстің пікірінше, Мурата "Канелоға" лайық қарсылас емес. Бұған дейін Сондерс Альварестің ықтимал қарсыласы атанған болатын.  

Жарнама
Жарнама

"DAZN-ға соған қарап, "Жоғал, сары ақымақ" деп айту керек. Белбеуіңді қоқыс жәшігіне таста", - деді Сондерс. 

Еске салайық, Альваресте қазір орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super), аекінші орта салмақта WBA (Regular) белбеуі бар. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама