Белгілі бапкердің қорқынышты болжамы: Головкин қартайды

Белгілі бапкердің қорқынышты болжамы: Головкин қартайды

?лем боксында танымал бапкер Фредди Роуч орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен америкалы? Дэниэл Джейкобсты? (32-2, 29 КО) жекпе-жегіне ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлем боксында танымал бапкер Фредди Роуч орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобстың (32-2, 29 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

34 жастағы Головкин 18 наурызда Нью-Йоркте өткен жекпе-жекте қазылар алқасының шешімімен жеңіске жеткен еді. Айтпақшы, қазақстандық 4-ші раундта Джейкобсты нокдаунға түсірген еді. Алайда америкалық қазақстандыққа 12 раунд бойы шыдас берген бірінші қарсылас болды.

Жарнама
Жарнама

"Головкин жеңді, бұл өте жақсы жекпе-жек болды. Джейкобс жақсы жұдырықтасты, бір-екі жақсы соққы жіберіп алды, есеп айырмашылығы нокдауннан көтерілді. Жақыннан жұдырықтасты, бірақ Головкин сөзсіз жеңді. Головкин қартайғандықтан кездесу осындай болған шығар, оның құпиясы ашылды немесе ол Джейкобс сияқты солақайлармен жөнді жұдырықтаса алмайды. Джейкобс әбден титықтатты. Жұдырықтасу мәнеріне қарап отырып, Головкин баяулап қалғандай көрінді. Бірақ маған осылай көрінгені қарсыласының мықтылығы шығар. Сондықтан мұны да анықтауымыз керек", - деді Роуч Fighthub.com басылымына берген сұхбатында.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама