Белгілі боксшы Головкин - Альварес жекпе-жегінің нақты мерзімін атады

© WBC

Әлемнің бұрынғы чемпионы Шейн Мозли қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің жекпе-жегі 17 қыркүйекте болады деп жар салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Аңызға айналған боксшы бұл мәліметті қайдан алғанын нақтыламайды, бірақ оның шындық екеніне сенетінін айтады. "Канело" мен GGG - 17 қыркүйекте! Қыркүйекте олармен қарсыласатын басқа жекпе-жектер болмайды деп үміттенемін. Жыл жекпе-жегі осында. Керемет жұмыс, Golden Boy Promotions", - деп жазды Мозли твиттердегі парақшасында.

Реклама
Реклама

"Канело" мен GGG келісіп қойды, сіздер білмедіңіздер ме? Келіссөздер аяқталды. Сіздер бұл мәліметті бірінші болып осында біліп отырсыздар. Менің жекпе-жегім 28 мамырда. "Канело" мен GGG жекпе-жегі - 17 қыркүйекте", - деді Мозли.

Еске салайық, Сауль Альварес ұлыбританиялық Әмір Ханды нокаутқа түсіргеннен кейін Головкинді шаршы алаңға шақырған болатын. Қазақстандық келісім беріп, жауап қатты. Кейін "Канело" салмаққа қарамастан, GGG-мен 160 фунтта жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама