"Бір-бірін көргісі келмейді". Головкин мен Альварес реваншқа дейін баспасөз-конференциясынан бас тартты

© boxingscene.com

WBC, WBA (Super) ж?не IBO т?жырымдары бойынша орта салма?та?ы ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалы? Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) реванш?а дейін бірге баспас?з-конференциясын ?ткізуден бас тартты. Б?л туралы Головкинні? промоутері Том Леффлер айтты, - деп хабарлайды Boxingnews24.com.

WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) реваншқа дейін бірге баспасөз-конференциясын өткізуден бас тартты. Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер айтты, - деп хабарлайды Boxingnews24.com.

Промоутердің айтуынша, боксшылар тіпті жекпе-жектің соңғы аптасына дейін кездеспеу туралы шешім қабылдаған, себебі олар бір-бірін көргісі келмейді екен. Боксшылар ешқандай да жарнамалық акциялар да жүргізбейтін болып шешті.

Осылайша, басылымның мәліметінше, Головкин мен Альварес НВО арнасының бағдарламаларына қатыспайды.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, боксшылар арасында алғашқы жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте тең есеппен аяқталған болатын. Қарымта жекпе-жек Лас-Вегаста 15 қыркүйекке белгіленген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама