29 мамыр 2022 | 13:41

Бивол "Канело" - Головкин айқасына болжам жасады

©Insatgram @bivol_d

Жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 KO) "Спорт-Экспресс" порталына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) және Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 KO) "Спорт-Экспресс" порталына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) және Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Канело" мен Головкин айқасы 17 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған.

"Канелода" басымдық бар шығар, өйткені ол Геннадийді жеңген. Айқаста не болғаны маңызды емес, ол төрешілер шешімімен басым түсті. Ал Геннадий үшін бұл салмақ... Бұл жерде нюанс көп. Мүмкін Головкинге салмақ түсірмейтіні пайдалы да болар. Мүмкін бұл жолы сағырақ жүретін шығар. Геннадий соққыларды өткізіп алатыны бар. 72 келіде оларды сезбейді. Ал бұл жолы 76 келіде, сондықтан соққылар ауырлау. Сол себепті соққы өткізбеу туралы ойланатын болар. Мүмкін күштірек бола ма? Білмеймін. Қалай болғанда да мықты айқас болары сөзсіз", - дейді Бивол.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная