14 мамыр 2022 09:37

Бивол "Канеломен" реванш өткізу туралы күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: ©DAZN

Ресейлік WBA Super жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Бивол мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен реванш өткізу үшін супер орта дивизионға түсетінін жоққа шығармайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лас-Вегаста (АҚШ) жеңіл салмақта өткен алғашқы жекпе-жек Биволдың жеңісімен аяқталды, бірақ қайта жұдырықтасу үшін талап өзгеруі мүмкін.

"Біз мұны Канело командасымен талқылай аламыз. Мен 76,2 келіде жұдырықтаспайтыныма 100 пайыз кепілдік жоқ. Жоқ, біз бұл туралы ақылдаса аламыз, – деді Дмитрий. – Мен 100 пайызға сенімді емеспін. Коронавирусқа дейін сенімді болдым. Енді қазір аздап салмақ жинадым. Тым көп тамақ жедім. Бірақ төбелеспедім".

Реклама
Реклама

Vesti.kz мәліметінше, Канелоның реванш алуға құқығы бар, бірақ екінші жекпе-жектің шарттарын боксшылар командасы талқылауы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram