Біздің кездесуіміз бокс тарихындағы ұлы жекпе-жектердің бірі болатынына күмәнім жоқ - Альварес

© boxingscene.com

Екі салма? д?режесі бойынша ?лемні? экс-чемпионы мексикалы? Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) Лос-Анджелесте ?тіп жат?ан ашы? жатты?у кезінде 16 ?ырк?йекте WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша орта салма?та?ы ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) ?тетін жекпе-жектен не к?тетінін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) Лос-Анджелесте өтіп жатқан ашық жаттығу кезінде 16 қыркүйекте WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) өтетін жекпе-жектен не күтетінін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен Головкиннің мықты боксшы екенін білемін. Ол менің мансап жолымдағы ең қауіпті қарсылас, бірақ мен оған дайынмын және одан кейін не болатынына да дайынмын. Тангоға екі адам керек қой, сол сияқты боксқа қа екі адам қажет. Мен дайынмын және ол менің мүмкіндіктерімді біледі", - деді мексикалық боксшы.

Сондай-ақ, Альварес кездесудің жақындап қалғанын, сондықтан да бір жағынан уайымдап, бір жағынан қуанып жатқанын айтады.

Реклама
Реклама

"Әдеттегідей жаттығуларды өткізіп жатырмын. Рингте Геннадийден бір қадам алға болу үшін маған қажеттінің барлығын істеймін. Біздің 16 қыркүйектегі кездесуіміз бокс тарихындағы ұлы жекпе-жектердің бірі болатынына күмәнім жоқ", - деп келтіреді Альварестің сөзін Boxingnews24.com басылымы.

Айта кетейік, бокс кеші 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Астана уақыты бойынша, бокс кеші 17 қыркүйекте, яғни жексенбіде өтеді. 

Ал АҚШ-та Головкин - Альварес жекпе-жегін HBO телеарнасы ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді. Бір теледидардан көру құны - 75 доллар. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды. 

Жекпе-жекті Қазақстанда тікелей эфирде Qazaqstan және QazSport (бұрынғы"Қазақстан" және KazSport) телеарналары көрсететін болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама