Боб Арум Головкин мен Пакьяо арасындағы жекпе-жек туралы қалжыңдағанын айтты

Боб Арум Головкин мен Пакьяо арасындағы жекпе-жек туралы қалжыңдағанын айтты © Vesti.kz

Top Rank промоутерлік компаниясыны? басшысы Боб Арум филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо мен ?аза?станды? Геннадий Головкин арасында жекпе-жек ?йымдастыратыны туралы ?алжы?да?анын мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо мен қазақстандық Геннадий Головкин арасында жекпе-жек ұйымдастыратыны туралы қалжыңдағанын мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Пакьяо 5 қарашада Лас-Вегаста Джесси Варгаспен кездесу өткізеді. Ал Арум болса, егер Мэнни осы жекпе-жекті жақсы өткізсе, келесі қарсыласы Головкин болуы мүмкін деген. Дегенмен, көпшілік мұны сол кезде-ақ қалжың деп қабылдаған.

Енді Аурмның өзі де қалжың айтқанын мойындады. "Бұл қалжың болатын. Олар Мэнни үшін қай кездесу ауыр болғанын сұрады, мен Кличкомен деп қалжыңдағым келді, бірақ Головкинге ауысып кеттім. Әрине біз бұл кездесуді ешқашан ұйымдастырмаймыз. Пакьяо 140 фунтқа әзер жетеді.

Реклама
Реклама

Бокс туралы жазатындар ненің шын, ненің қалжың екенін түсінуі керек. Комиссия бұл идеяның өзіне қарсы болар еді. Ал қалжыңды түсінбегендер, менің баспасөз мәслихатымның жазбаша түрін ғана оқып, мен расымен солай ойлайды деп түсінген болар", - дейді Арум.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама