Бокс пен UFC айқасы: Мейвезер мен МакГрегор жекпе-жек туралы ресми мәлімдеме жасады

© СПОРТ bigmir)net

Бокстан ?р т?рлі салма?та 12 рет чемпион атан?ан америкалы? боксшы кіші Флойд Мейвезер мен UFC чемпионы ирландиялы? Конор МакГрегор ресми т?рде жекпе-жек ?ткізетінін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Бокстан әр түрлі салмақта 12 рет чемпион атанған америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер мен UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор ресми түрде жекпе-жек өткізетінін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Жекпе-жек 26 тамыз күні Лас-Вегас қаласында өтеді. АҚШ-та бұл кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) арқылы көрсетеді.

"Бұл ресми!", - деп жазба қалдырды Мейвезер МакГрегормен бірге тұрған суретін жариялап.

Реклама
Реклама

"Жекпе-жек өтеді!", - деп МакГрегорда Мейвезердің әкесіне қарсы тұрған суретті салып.

Кейін Мейвезер - МакГрегор арасындағы кездесу бокс ережесі бойынша бірінші орта салмақта өтетіні хабарланды. Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт мәлімдеді. "Біз келіссөздерді біршама уақыт жүргіздік. Келіссөз сәтті өтті. Флойдың командасында ақылды адамдар бар. Сондықтан да біз бұл кездесуді өткізу туралы келісімге келдік", - деді Уайт.

Сонымен қатар, Мейвезер мен МакГрегор жекпе-жек үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды. Екеуі де жекпе-жек үшін 100 миллион доллар сыйақы алады. Жалпы бұл кездесудің ұйымдастырушылары жекпе-жектен жалпы 500 миллион доллар фунт (636 миллион доллар) көлемінде кіріс кіргізуді көздеп отыр. Бірақ бұл кездесудің телетрансляциясынан түсетін пайданы Showtime, Sky Sports және BT Sports арналары бөлісіп алады.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама