"Бокс үшін сұмдық жағдай" - Головкин алдағы жекпе-жегі жайында

© metro.co.uk

Орта салма?та WBC, WBA (Super), IBF ж?не IBO т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы, ?аза?станды? Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) алда?ы жекпе-жегіне ?атысты о?и?алар жайында ойын айтты. 

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты оқиғалар жайында ойын айтты. 

"Күнде барынша жаттығамын. Жұдырықтасқым келеді. Томға күнде айтатыным: "Өтінемін, мен жай ғана жұдырықтасқым келеді. Маған жекпе-жек керек. Бокс үшін сұмдық жағдай", - деп келтіреді Головкиннің сөзін ESPN.

Еске салайық, допингпен ұсталған мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жұдырықтасудан ресми түрде бас тартқанына қарамастан, Головкин 5 мамарыда жекпе-жек өткізбек еді. Алайда ол күнге қарсылас әлі табылған жоқ. Жекпе-жек кейінге қалдырылуы мүмкін екені жайында ақпарат тараған да болатын. Қазақстандық боксшыға қазір ирландиялық Гэри О’Салливан жақсы қарсылас болып тұр, алайда, бүгін оның да жекпе-жектен бас тартқаны хабарланды. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама