03 тамыз 2021 | 15:57

Боксшы Зәкір Сафиуллин Олимпиадамен қош айтысты

Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz

Қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасының ширек финалында жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасының ширек финалында жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

63 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Зәкір Сафиуллин жартылай финалға берілер жолдаманы аустралиялық Гарри Гарсайдпен сарапқа салды. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы қарсыласына 2:3 есебімен жол берді. 

1/8 финалда Сафиуллиннің қарсыласы жапониялық Дайсуке Нариматсу жарақат алуына байланысты жекпе-жектен бас тартып, қазақстандық боксшы бірден ширек финалға шыққан еді. Ал алғашқы кезеңде ол перулік Леодан Пезо Сабойямен кездесіп, 5:0 есебімен жеңген болатын. 

Реклама
Реклама

Зәкір Сафиуллин Түркістан облысында туған. Құрамадағы тәжірибелі боксшылардың бірі, жасы 34-те. Азия чемпионатына екі мәрте күміс жүлдегер атанған. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық екінші боксшы жартылай финалға жолдама алған. Құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов қарсыласынан басым түскен еді.  

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная