Боксшы Флойд Мейвезер кіші барлық чемпиондық титулдан бас тартатын болды - БАҚ

Боксшы Флойд Мейвезер барлық чемпиондық титулынан дүйсенбі күні бас тартатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер кіші филиппин Мэнни Пакьяомен өткізген жекпе-жектен кейін үш титулдан да бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы Twitter желісіндегі SportsCentre ресми микроблогында айтылады. 

"Басқа боксшылар мүмкіндік алуы керек. Мен қызғаншақ емеспін", - деп түсіндірді Мейвезер титулдан бас тартуын. 

Реклама
Реклама

Ал мұның алдында оның қарсыласы Мэнни Пакьяо жекпе-жектен кейін жеңіске жеткенін мәлімдеген болатын. Кездесу Лас-Вегаста MGM Grand аренасында 3 мамыр күні өтті. Төрешілер жеңісті бірауыздан Мейвезерге берді. 12 раундқа созылған жекпе-жекте америкалықтың еншісіндегі WBA, WBC және Пакьяоның қоржынындағы WBO титулдары тігілген еді. Айта кетейік, екі боксшы бұл кездесуде жалпы сомасы 300 миллион доллар қаржы табыс тапты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама