Боксшы Қанат Ислам шабыттандыратын роликке түсті

© Видеоның кадры

Бірінші орта салма?та WBA Fedelatin т?жырымы бойынша чемпион, ?аза?станды? боксшы ?анат Ислам шабыттандыратын роликке т?сті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ролик 19 ?ырк?йекте жария болды. Боксшы бапкерінен с?з естіген жеткіншекті жігерлендіріп, а?ыл-ке?естер айтады. 

Бірінші орта салмақта WBA Fedelatin тұжырымы бойынша чемпион, қазақстандық боксшы Қанат Ислам шабыттандыратын роликке түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ролик 19 қыркүйекте жария болды. Боксшы бапкерінен сөз естіген жеткіншекті жігерлендіріп, ақыл-кеңестер айтады. 

Боксшының ресми өкілі Берік Сұлтанның айтуынша, бұл мотивациялық роликті түсіру идеясын ол Қанат Исламға айтқан кезінде ол ұсынысты бірден қабыл алыпты. "Бұл видеороликтің айтпағы "Бұлақ көрсең, көзін аш", "Ағасы бардың жағасы бар" дегенге саяды. Інілерге бағыт-бағдар беретін роликтің болғаны дұрыс шығар деп ойладық. Қанат Ислам ұсынысымды бірден қабыл алып, роликті Алматы қаласында түсіруге кірісіп кеттік. Роликтегі спортшы бала да, оның бапкері де өмірде спортпен шұғылданатын адамдар, өз рөлдерін өздері ойнап шықты. Біз актерлер алмадық, себебі видеода бәрі шынайы болсын деп ойладық. Ойлағанымыздай-ақ, балалар шын жұдырықтасты", - деді ол.

Реклама
Реклама

Берік Сұлтанның айтуынша, боксшының 29 қазанда Алматыда өткізетін кезекті жекпе-жегіне тағы екі промо-ролик дайындалып жатыр екен. "Жекпе-жек"Алматы Аренада" өтеді. Оны "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал билеттер қазанның 1-інен бастап сатылымға шығады", - деді боксшының ресми өкілі. Айта кетейік, ролик авторының Youtube желісіндегі арнасында боксшының промороликтерінің қалай түсірілгені туралы видеоны тамашалай аласыздар.

Айта кетейік, Қанат Ислам жекпе-жегін ганалық боксшы Патрик Аллотейге қарсы өткізеді. Қос боксшы WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама