Боксшы Садриддин Ахмедов КешYou тобының экс-солисіне үйленді

Фото: instagram.com/kasipkoyboxing

Орта салмақта жастар арасындағы WBC чемпионы Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) отау құрды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Орта салмақта жастар арасындағы WBC чемпионы Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) отау құрды, - деп хабарлайды Vesti.kz

21 жастағы боксшы әнші Ақбота Құрманғалиге үйленді. Ақбота 2018 жылы 17 жасында КешYou тобының солисі атанып, кейін ұжымнан кетіп қалған. Той Нұр-Сұлтанда өтті. 

Реклама
Реклама

Естеріңізге салсақ, Ахмедов кәсіпқой рингте 2018 жылдың сәуірінен бері өнер көрсетіп келеді. Тоғыз жекпе-жегінің сегізін Канадада өткізген, ал биыл наурызда алғаш рет Қазақстанда жұдырықтасқан болатын. 

Енді Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін 26 қыркүйекте Монреальда өткізеді. Бұл кеште одан бөлек қазақстандық боксшылар - Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО), Нұрзат Сәбіров (10-0, 9 КО) пен Аман Қазанқапов (0-0-1) рингке шығады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама