ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 тамыз 2016 09:42
Боксшы Василий Левит Риодағы ойындарда жартылай финалға шықты
Қазақстандық боксшы Василий Левит Риодағы Олимпиада ойындарында жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ширек финалда 91 келі салмақ дәрежесінде Василий Левит Кеннеди Сен-Пьеррмен кездесті. Бірінші және екінші раундта Левитте ешқандай қиындық болмады. Ал үшінші раундта боксшы шаршағанына қарамастан, жеңіске жете алды.
Айта кетейік, Василий Левит жартылай финалда кубалық Эрисланди Савонмен кездеседі.
Осыған дейін ширек финалда 49 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Біржан Жақыпов өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан жеңілген еді. Осылайша Қазақстанның бокстан құрамасы Риодағы Олимпиада ойындарында осымен екінші рет медальдан айырылып отыр. Айта кетейік, 6 тамызда 60 келі салмаққа дейінгі дәрежеде жұдырықтасқан Берік Әбрахманов жекпе-жекте бірінші рет жеңілген еді.
23 жастағы Біржан Жақыпов үшін бұл оның мансабындағы үшінші Олимпиада ойындары. Ол үш рет алдын медаль үшін ширек финалға шыққан болатын.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу