29 қазан 2021 | 09:05

Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамасының капитаны венесуэлалық "Машинаны" жеңді

Дина Шарипханова Корреспондент
©AIBA

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жеңісіне қолжеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жеңісіне қолжеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

67 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Жүсіпов "Машина" лақап атымен танымал венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездесті. Жеңіс төрешілер бірауыздан қабылдаған шешім бойынша қазақстандыққа берілді.

"Жақсы дайындалдық. Бапкерлер күш салды. Оларға рақмет айтамын. Солардың тактикасы арқасында жеңіске жеттік", - деді Абылайхан Жүсіпов.

Реклама
Реклама

Бұған дейін тағы бір қазақстандық Серік Теміржанов (57 келіге дейін) 2021 жылғы әлем чемпионатында жапон Рейто Цуцумиді жеңіп, 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазын тізе бүктіріп, екінші жеңісіне қолжеткізген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная