ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 20 мамыр 2022 09:11
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы елге алтын медальсіз оралады
Бокстан Азия чемпионы Алуа Балқыбекова Ыстамбұлдағы әлем чемпионатының финалында жұдырықтасқан жалғыз қазақстандық болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Балқыбекова финалда түркиялық Айше Чагирирден жеңіліп қалды. Осылайша, ол турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңе алмады. Балқыбековаға дейін Жайна Шекербекова (52), Дина Жоламан (54), Карина Ибрагимова (57) мен Валентина Хальзова (70) қола медаль иеленген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу