01 қараша 2021 | 08:41

Бокстан әлем чемпионатында қазақстандыққа қатысты жанжал шықты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©AIBA

Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өкіліне қатысты жанжал шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өкіліне қатысты жанжал шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Теміртас Жүсіповтің Өмер Аметовичке қарсы жекпе-жегі наразылық тудырған. Жекпе-жекте төрешілердің басым бөлігінің шешімі бойынша, қазақстандық жеңіске жеткен.

Сербияның бокс одағы бұл шешімді "ұят" деп атап, төрешілерді "жеңісті ұрлады" деп айыптады.

Реклама
Реклама

"Төрешілердің тікелей шешімі біздің боксшымызға қарсы болды", - деді одақ президенті Слободан Джурич.

"Серб боксшыларының бірінші, үшінші және төртінші жекпе-жектерінде осындай болды, төрешілер бәрінің көз алдында қарсыластарына алғашқы раундты берді, дегенмен бұл раундтар боксшыларымыздың таза жеңісі еді", - деді ол.

Функционер жекпе-жектің нәтижелеріне шағымданғанын айтты.

Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан. Келесі жекпе-жекте жеңіске жетсе, қазақстандықтың әлем чемпионаты медаліне үміті бар.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтың Өзбекстаннан келген Олимпиада чемпионын жеңуі өзбек тарапының мәлімдемесінен кейін жанжал тудырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная