Бокстан әлем чемпионатында Сұлтан Зауырбек күміске қол жеткізді

Бокстан әлем чемпионатында Сұлтан Зауырбек күміске қол жеткізді Фото Бокс федерациясының әлеуметтік желіс

 Бокстан Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында шымкенттік Сұлтан Зауырбек күміс медальға қол жеткізді деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

56 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақ боксшының жолы финалда куба боксшысымен түйіскен еді. Өкінішке қарай, Сұлтан Зауырбек бостандық аралынан келген боксшыға 3:0 есебімен есе жіберіп, күміс медальді місе тұтты.

Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынын 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар. Енді 60 және 81 келі салқақ дәрежесінде қос боксшысымыз алтын үшін шаршы алаңға шығатын болады.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама